ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 200000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:

1)жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;

 2) ішкі сауда объектілерінде;

 3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;

4)өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының және кеден одағының (Евразиялық экономикалық одақтың )  ветеринария саласындағы заңнамасы бойынша мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру:

5)орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерде жануарлардан алынатын өнімдерді сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;

 7) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды және қадағалауды;

8)Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етудi;

9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды;

10) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылауды және қадағалауды;

11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi және ветеринария саласында қолданылатын әкімшілік жаза айыппұлын ӘҚБР (Әкімшілік құқық бұзушылық біріңғай тізілімі)  жүйесіне енгізілуін қамтамасыз ету;

12)орны ауыстырылатын  нысандарды өндіру, қайта өңдеу және сақтаумен айналысатын ұйымдар мен адамдардың құжаттарының рәсімделуін  Кедендік Одақтағы бір мемлекет аумағынан  баска мемлекеттің аумағына Кедендік одақтың Реестр тізіміне кіргізуге дайындайды.

13) Ішкі сауда объектілерінде жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды, сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау күн сайын жүзеге асырылады;

14) атқарылған жұмыстардың ақпараттарын уақытында  бөлім басшысына беру;

15) өз құзіреті шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және  қадағалауға жататын нысандарға  берілетін ветеринариялық құжаттардың  рәсімделуін жүзеге асыру.

16)Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз, шағымдарын, ұсыныстарын объективті, жан-жақты, уақытында қаралуын қамтамасыз ету және «Қазақстан  Республикасының Әкімшілік  рәсімдік-процестік Кодексі»

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексіне сәйкес «Е-өтініш» жүйесінде толық және дәлелді жауап берілуіне жеке жауапкершілікте болу.

17) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларға сәйкес басқа да міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына жатады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.11.2023 – 01.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

07.12.2023

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945