'ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы' мемлекеттік мекемесі әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік), № ОАИФО – 6
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
В функционалдық блогы.
- Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстарды орындайды (негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіру, сату шығындарын, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен есеп айырысу);
- Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау мен бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды;
- Бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетеді;
- Салық және басқа да міндеттемелер туралы заңнамаға сәйкес салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдары мен төлемдерді, күрделі салымдарды, қызметкерлердің жалақысын қаржыландыруға арналған қаражатты есептеуді және аударуды жүргізеді;
-Ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге, ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;
- Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындайды;
- Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды;
- Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zhunusbayeva.m@minagri.gov.kz
- 07.12.2023
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945