Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, C-O-5 санаты, 1 бірлік, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 19 қаңтарға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), код (№02-03-03)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативтік құқытық актілерін және Кеден одағының ветеринариялық санитариялық шаралары бойынша Келісімінің орындалуын бақылау және қадағалау;

жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу;

ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына бақылауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды табыс ету.

Жеке және заңды тұлғалардан «Е-өтініш» АЖ-і, электрондық пошта арқылы, қағаз жүзінде түскен өтініштерді заң негізінде қарап, уақтылы (мерзімін бұзбай) және сапалы жауап беру; өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің және сұрақтардың мазмұнын, мәнін нақты, дұрыс толтыруға жауапты.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.11.2023 – 30.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБМВ

Сұхбаттасу күні

07.12.2023

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945