ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік), № ОБПП – 2
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Ұлытау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
3.1.Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарына сәйкестігін жүзеге асырылады;
3.2.Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
3.3.Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылауды және қадағалауды;
3.4.Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүзеге асырылады:
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
ішкі сауда объектілерінде;
ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда, соның ішінде лицензиялаудын;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асырылады, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметіне жүзеге асырылады;
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың және олардың бөлімшелерінің функцияларын орындауына.
3.5. Ветеринария саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолданады;
3.6.Жеке және заңды тұлғалардың қызметінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындалуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды іске асырады;
3.7.Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы ветеринариялық есеп және есептілікті жүргізеді және оларды заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынады;
3.8.Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауындағы Инспекция құрылымдық бөлімшелерімен берілген жинақпен талдаудың есебін жүргізу және оларды ҚР АШМнің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне, сондай-ақ басқа мүдделілі органдарға беру;
3.9. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес, ветеринария саласында қызмет көрсететін, бөліп айтқанда ішкі іс-шараларды орындайтын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қадағалау.
3.10. Аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялардың жұмыстарына бақылау жүргізу.
3.11.Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар мәселелері бойынша Бөлімнің құзыретіне енетін өзара іс-қимыл;
3.12. Жеке және заңды тұлғалардың үндеулеріне Қазақстан Республикасы белгіленген заңнамасының мерзімінде жауапты қарастыру және беру;
3.13.Қазақстан Республикасындағы эпизоотиялық жағдайды мониторингілеу, тиісті мәліметтерді аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдарына бағыттау;
3.14. Импорт, экспорт туралы айлық ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау, қорытындылау, белгіленген уақытында уәкілетті органға жолдау.
3.15. Бас маман уақытша қызметте болмаған кезде оның функционалдық міндеттерін осы бөлімнің бір бас маманы орындайды.
3.16.Ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
3.17.Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) талаптарын сақтау;
3.18.Инспекциясы басшысының, жоғары тұрған органның тапсырмасың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді орындау;
3.19.Инспекция басшысының орынбасарына (ол жоқ кезде немесе Инспекция басшысына) іс-сапар, шығулар туралы есебін, атқарылған шаралар туралы түпкілікті ақпаратты жазбаша түрінде беру.
3.20. Өтiнiштер бойынша қабылданған мәселелер мен шешiмдердiң мәнiнiң дұрыс толтырылуы үшiн жауапкершiлiк өтiнiштердiң тiкелей жауапты орындаушыларына жүктеледi.
3.21. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылауды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zhunusbayeva.m@minagri.gov.kz
- 07.12.2023
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945