ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), № УОРИДО-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық жүйелер
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Экономика және менеджмент

Функционалды міндеттер

С функционалдық блогы.

Басқарманың бас сарапшысы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

3.1. Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша Комитеттің жоғары тұрған басшыларының директивалық құжаттарын, тапсырмаларын орындайды;

3.2. Комитеттің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

3.3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жыл сайынғы ішкі талдау жүргізеді;

3.4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

3.5. Комитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

3.6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселелері бойынша аумақтық құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға жетекшілік етеді;

 3.7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері басқармасының саясаты бойынша қажетті құжаттарды әзірлейді;

3.8. Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асырады;

3.9 БАҚ өкілдерімен семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

3.10. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс қимыл жасайды;

3.11.Алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, шектеу және жою бойынша ОТИ талдауын жүргізу;

3.12. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды;

3.13. Басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына, Комитет және Басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес міндеттерді орындайды.

3.14. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады".

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.11.2023 – 24.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.11.2023

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945