ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Биологиялық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), № УББ-5
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Басқарманың бас сарапшысы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өзінің лауазымдық міндеттерін сапалы, уақтылы және тиісінше орындауға дербес жауапты болады;
2) құжаттардың, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттарының, сондай-ақ басқарма басшысының, Комитет басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
3) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), алып қою және жою жөніндегі қызметті бақылайды;
4) Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қараудың жүргізілуін, жануарлар ауруларының профилактикасын және оларды емдеуді қоса алғанда, олардың туындауының, таралуының алдын алуға немесе жоюға бағытталған эпизоотияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық рәсімдердің жүргізілуін бақылайды;
5) Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі Көлік құралдарын дезинфекциялауды және ветеринария саласындағы ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген тізбе бойынша жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау болып табылады;
6) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуының себептері мен жағдайларын анықтайды және белгілейді;
7) комитеттің ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және мемлекеттік қызметтер мониторингі басқармасымен бірлесіп ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі;
8) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынуы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының шешімімен карантин алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда шектеу іс-шараларының белгіленуін бақылайды;
9) эпизоотиялық карта жасау үшін эпизоотия ошағы туралы ақпаратты ҚР АШМ ВБҚК ВҰРО-на жолдайды. Жасалған эпизоотиялық картаны аумақтық инспекцияларға ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу кезінде эпизоотияның немесе панзоотияның пайда болуын, дамуын және жойылуын болжау, ветеринариялық (эпизоотияға қарсы) іс-шаралардың жоспарларын (ұлттық, аумақтық және ведомстволық) әзірлеу үшін жолдайды;
10) Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және жұмыскерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қатысады;
11) Басқарманың құзыреті шеңберінде ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту үшін ұсыныстар енгізеді;
12) Қазақстан Республикасының аумағында ветеринария саласына жататын эпизоотиялық мониторингті қамтамасыз ету бөлігінде ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асырады;
13) Жануарлардың саулығы, аумақтың ветеринариялық-санитариялық саламаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау қамтамасыз етілетін эпизоотиялық мониторингті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қызметін, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
14) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының нормалары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; ;
15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі аумақтық инспекциялардың әрекетін үйлестіреді;
16) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
17) Басқарманың құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
18) Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өтініш берушілерге жауаптар жібереді;
19) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен, Басқарма құзыреті шеңберінде басқа мемлекеттердің ветеринария саласындағы құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен ветеринария мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;;
20) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
21) Басқарманың құзыретіне кіретін салаларда Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
22) Басқарманың құзыреті шеңберінде ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинауды, талдауды және ұсынуды жүзеге асырады;
23) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған тәртіппен басқа мемлекеттердің ветеринария саласындағы құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен ветеринария және эпизоотиялық мониторинг мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
24) ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
25) Басқарманың жұмыс жоспарын жасайды;
26) Басқарманың құзыретіне кіретін ынтымақтастық мәселелері бойынша материалдар дайындауды, шет елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысуды жүзеге асырады;
27) Басқарманың құзыреті шегінде кеңестерге, отырыстарға және алқаларға презентациялық материалдарды дайындауға қатысады;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
29) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.12.2023
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945