ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 1 шiлдеге дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), № УВКНГИТ-4
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
1) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ветеринария бойынша мемлекеттік іс-шараларды ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беруге арналған өтінімдерді импорттаушы елдің эпизоотиялық жағдайын бағалауды ескере отырып, ЕАСУ Веб-порталы арқылы қарайды;
5) Басқарманың құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
6) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шет елдердің ветеринариялық қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындау және өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде жауаптар жіберу;
8) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды үйлестіреді және ұйымдастырады;
9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
10) электрондық ақпараттық ресурстарды толтыруды жүзеге асырады, олардың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;
11) Басқарманың құзыреті шегінде кеңестерге, отырыстарға және алқаларға презентациялық материалдарды дайындауға қатысады;
12) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.
13) Басқарманың жұмыс жоспарын жасайды;
14) ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды;
15) ҚР заңдарында, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.12.2023
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945