Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-14.3-4

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

206734

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.     

Функционалды міндеттер

(Блок В-4) Мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұйрықтарды әзірлеу; қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу, басшыға уақытында бекітуге ұсыну; Инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік және еңбек тәртібінің,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының, инспекция регламенті және ішкі еңбек тәртібінің  сақталуын қадағалау; көтермелеу, сыйақы, үстемақы белгілеу, материалдық көмек көрсету мәселелерді ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру; тоқсан сайынғы мониторингін жүргізуді бақылау; мемлекеттік қызметшілерге қатысты кадрлық есептіліктерді, іс қағаздарын «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен сапалы атқаруды жүзеге асыру, еңбек кітапшаларына тиісті жазбаларды дер кезінде енгізу; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке істерімен, іс қағаздарымен, құжаттарымен жұмыс жасау, персоналмен жұмыс бойынша басқа да тиісті жұмыстар атқару; біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарына уақытылы өту бойынша жұмыстарды жүргізу; құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілердің жеке жұмыс жоспарларын уақытылы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.11.2023 – 17.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 MB

Сұхбаттасу күні

22.11.2023

Сұхбаттасу орны

Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885