Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, C-O-5 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Павлодар облысы Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 200000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Геодезия және картография
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Жер заңнамасын сақтауға және орындауға мемлекеттік инспекторлық бақылауды жүзеге асыру; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау жүргізу (ішінара, жоспардан тыс); Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға; Жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді  қарау;  Жер заңнамасының бұзылуы жою жөнінде нұсқама беру; Ведомстволық құзыретті органдармен әкімшілік жауапкерлік бойынша істерді қарауға жататын ортақ тексерулерді жүргізу; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, атап айтқанда: Облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; Облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; Облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруына;   Жер саладағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуына және оның іске асырылуына қатысу; Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қамтамасыз ету; Жер  заңдылығын бақылау мәселелері бойынша азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін қарау; Сот процесіне қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.11.2023 – 10.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

14.11.2023

Сұхбаттасу орны

Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 17, 3 қабат

Анықтама алу үшін байланыс

87182621048