Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаменті ақпараттық технологиялар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

259515

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Функционалды міндеттер

104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасын құру және оған әкімшілік ету; әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу; Басқарма құзыретіне жататын жұмыстар және қызметтер, тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттамасың қалыптастыру; әкімшілік бюджеттік кіші бағдарламалардың жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстарды дайындауда қатысу; ақпараттық технологияларды қолдану бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыруға қатысу; мемлекеттік бағдарламаларда көзделген АӨК ақпараттандыру саласындағы іс-шараларда қатысу және іске асыру; Министрлігінің ақпараттық жүйелерің дамуы және тоқтаусыз жұмысын қаматамасыз ету; ақпараттық технологияларды қолдану және олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру; агроөнеркәсіптік кешенінің нормативтік құқықтық актілері, бағдарламалы құжаттары жобаларын, агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды, Басқарманың нормативтік және әдістемелік құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Депутаттар сауалдарын, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Департамент пен Министрлік басшылығының тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырып, жауаптар дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.10.2023 – 07.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-918