Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, УБПИБУ-1.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

365720

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

 уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

 тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

 стратегиялық құжаттарды білу;

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок В-8) 

Басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау; республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруды ұйымдастыру; қаржы ресурстарының қозғалысын басқаруды және қаржылық қатынастарды реттеуді ұйымдастыру; қаржы қаражатының қозғалысын есепке алуды бақылауды жүргізу; реттелетін салада бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; қаржыландыру мәселелері бойынша қызметке басшылық ету және ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, Комитеттің, облыстық аумақтық инспекциялардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджеттік өтінімін жасау;; бюджеттік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету; тиісті қаржы жылына арналған шығыстардың экономикалық сыныптамасы және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлінісінде республикалық бюджеттің шығыстар жоспарын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комитеттің жоғары тұрған басшыларының директивтік құжаттарының, тапсырмаларының орындалуын бақылау; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.09.2023 – 04.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 3 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

555-885