Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 19-6-05

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

237596

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Комитетке тікелей қатысы бар қойылған мақсаттар, міндеттер мен индикаторлар бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыруды жүзеге асыру. Жер қатынастары, топографиялық-геодезиялық қызметі саласында іс-шараларды іске асыруға бағытталған шығыстар бағдарламасы бойынша бекітілген шығыс лимитіне сәйкес Комитеттің бюджеттік өтінімін әзірлеу. Комитеттің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітуге ұсыну. Тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу өткізу үшін конкурстық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыру. Жүргізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша шарттар жасасуды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алуды бақылау жөніндегі уәкілетті органға есеп беру. Комитет кәсіпорындарының даму жоспарын қарау, оларды орындауды бақылау және талдау жасау. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің стратегиялық жоспарды нақтылау бойынша ұсыныстарын қалыптастыру және жинау. Бюджеттік жоспарлауды қалыптастыру және бюджеттік өтінімдер жасау. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша есеп жүргізу. Құрылымдық бөлімшелерде жүргізілген мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.09.2023 – 28.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы -10, 14 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)74-08-83