Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, № 18-10.3-5.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

206734

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын және функционалдық міндеттерінорындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

 

(блок В-4) Мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұйрықтарды әзірлеу; қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу, басшыға уақытында бекітуге ұсыну;  Инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік және еңбек тәртібінің,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының, инспекция регламенті және ішкі еңбек тәртібінің  сақталуын қадағалау; көтермелеу, сыйақы, үстемақы белгілеу, материалдық көмек көрсету мәселелерді ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру; тоқсан сайынғы мониторингін жүргізуді бақылау; мемлекеттік қызметшілерге қатысты кадрлық есептіліктерді, іс қағаздарын «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен сапалы атқаруды жүзеге асыру, еңбек кітапшаларына тиісті жазбаларды дер кезінде енгізу; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке істерімен,   іс қағаздарымен, құжаттарымен жұмыс жасау, персоналмен жұмыс бойынша басқа да тиісті жұмыстар атқару; біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарына уақытылы өту бойынша жұмыстарды жүргізу; құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілердің жеке жұмыс жоспарларын уақытылы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.09.2023 – 29.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Собеседование с кандидатами, участвующими в общем конкурсе, будет проведено по адресу город Караганда, улица Алиханова, 11А посредством дистанционных средств видеосвязи.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885