Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты, 1 бірлік)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Астана қаласы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру; бухгалтерлік есеп, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу бойынша шұғыл мәселелерді шешу; материалдық және қаржылық қорларды мақсатты және ұтымды пайдалануды бақылау; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың дұрыс жүргізілуін бақылау; жоғары тұрған органдардан келетін құжаттардың уақытында орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. қызметкерлердің еңбек және орындаушылық тәртібін бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамаларының, оның ішінде жемқорлыққа қарсы нормаларының қызметкерлермен орындалуына шаралар қолдану; бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу саласы бойынша заңнамалары шеңберінде инспекция басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6А
-
8(7172) 98-96-09