Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жер мониторингі, талдау және есеп бөлімінің басшысы - мемлекеттік инспектор, санаты С-O-4, (1 бірлік), 03-01 (Бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне 07.10.2024 жылға дейін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкердің мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқығы бар)
Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Ұлытау облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Жерге орналастыруды бақылау бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді. Жер мониторингін ұйымдастыру мен жүргізуді, жерге орналастыру жобаларын және жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі басқа да жобаларды бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына; жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына; азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына; межелiк белгiлердiң сақталуына; жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына мемлекеттік бақылау жасайды. Жеке және заңды тұлғалармен жергілікті атқарушы орган арасында жерді уақытша пайдалану туралы жасалған бір жақты шартты бұзу сұрағы бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген міндеттер олармен орындалмаған жағдайда, пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;облыстың, жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдыр, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылданған шешімдерінің заңдылығына; облыстың, аудандардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылданған шешімдерінің заңдылығына. Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне; бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне; жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына; жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына бақылау жасайды. Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою. Бөлімге жүктелген міндеттер мен міндеттердің тиісті орындалуын қамтамасыз етеді. Жерге орналастыру жобаларын орындау және жер мониторингі жөніндегі материалдарды жинақтайды және талдайды. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау саласындағы жер құқықтық қатынастарын реттеу жөніндегі материалдарды қарайды. Ұлытау облысының аумағында жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға, Қазақстан Республикасының жер заңнамасы нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді. Жер қатынастары мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен және басқа да мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмаларын орындайды. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушыларға уақытылы шара қолдануды қамтамасыз етеді. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бойынша бақылау тексерулерінің материалдарын сапалы және объективті дайындауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді орындайды
Блок А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
duzr_ulytau@mail.ru
- область Ұлытау, город Жезказган, бульвар Гарышкерлер 15, кабинет 1
-
Дуйсекова Куралай Панашевна 8 705 588 9799