ҚР АШМ Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті евразиялық интеграциялау басқармасының сарапшысы, санаты C-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
100000 - 200000
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Халықаралық құқық
- Биотехнология
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттарды және материалдарды сапалы және уақтылы орындау; ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру; Дүниежүзілік сауда ұйымына, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуға байланысты материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру; визалық қолдау мәселелері бойынша жұмыстарға қатысу; Министрлік басшылығының шет елдерге шығуын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру (іссапарға шығу туралы бұйрықтарды дайындау, қызметтік және дипломатиялық төлқұжаттарды және шығу құжаттарды рәсімдеу, Министрлік басшылығы үшін қонақ үйде тұруға, тәуліктік және көлік шығындарға шетелдік валютада қаржыны алу және оның пайдалану туралы есепті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне беру); Министрлік басшылығының дипломатиялық корпустың өкілдерімен, ресми шетелдік делегацияларымен, шетелдік жеке және заңды тұлғалармен хаттамалық іс-шараларды және кездесулерді дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру; Басқарма, Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын құзыреті шегінде орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8-71-72-555-870