ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары, санаты С-1, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 500000

Жалпы біліктілік талаптары

С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда;

4) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Өсімдік шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде Комитет қызметін үйлестіру; Комитет төрағасы болмаған кезеңде Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап беру; өсімдіктерді қорғау және карантин, астық нарығын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу; Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және қолайлы фитосанитариялық жағдайын қамтамасыз ету, фитосанитариялық қауіпсіздік және сақтандыру саласындағы мемлекеттік  саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі қызметті бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.09.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.09.2023 – 15.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8-71-72-555-870