ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті мал шаруашылығы салаларын дамыту басқармасының сарапшысы, санаты C-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 200000

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Мал шаруашылығы
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Мал шаруашылығы саласындағы стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды, бағдарламаларды және өзге де бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарының және мал шаруашылығы саласындағы өзге де салалық бағдарламалардың көрсеткіштерін әзірлеуде және түзетуде; мал шаруашылығы салаларын дамытудың негізгі көрсеткіштерін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге болжауды жүзеге асыру; ауыл шаруашылығы жануарларының ішкі және сыртқы рыноктарын дамыту туралы талдамалық ақпарат жасау; мал шаруашылығы саласының жай-күйі мен дамуына мониторинг жүргізу, Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі мен жемшөп өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; мал шаруашылығы саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу; мал шаруашылығы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен, партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ БАҚ-пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру; мал шаруашылығы саласын дамыту стратегиясы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау; мал шаруашылығын дамыту туралы, оның ішінде республиканың облыстары бөлінісінде талдамалық ақпарат жасау; кеңестер, алқа отырыстары және өзге де іс-шаралар өткізу үшін мал шаруашылығы саласындағы даму және мемлекеттік қолдау стратегиясы мәселелері бойынша баяндамалар мен презентациялық материалдарды дайындауға қатысу; талдамалық ақпаратты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрінің блогында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған азаматтардың сұрақтарына жауаптар жинақтау және орналастыру; анықтамалар және басқа да құжаттар жасау; мал шаруашылығы саласындағы заңнаманы және мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласындағы мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тетіктерін реттейтін заңнамалық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласында мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері мен нысандарын жетілдіру және жаңаларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; мал шаруашылығы саласындағы халықаралық байланыстарды дамытуға және кеңейтуге қатысу; Облыстың бағдарламалары мен жобаларын іске асыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау; мал шаруашылығын дамыту туралы, оның ішінде республика облыстарының бөлінісінде талдамалық ақпарат жасау; мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласында мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы, жаңа тетіктері мен нысандарын енгізу тиімділігін арттыру бойынша; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мониторинг және жұмысты үйлестіру; бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу нәтижелері туралы, тиісті бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы талдамалық ақпарат жасау; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға, салалық бағдарламаларды, стратегиялық жоспарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; мал шаруашылығы мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламаларға негіздемелер әзірлеу және талдамалық материалдар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау, талдамалық ақпарат, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрінің блогында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған азаматтардың сұрақтарына жауаптар дайындау; анықтамалар мен басқа да құжаттарды жасау; Департамент құзыретіне кіретін Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.09.2023 – 21.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8-71-72-555-870