ҚР АШМ Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті директорының орынбасары, санаты C-2 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
100000 - 400000
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Департаменттің қызметін үйлестіру және жұмысын ұйымдастыру; департамент қызметінің бағыттарына жататын мәселелер
бойынша нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік-әдістемелік құжаттардың жобаларын келісуге, Қазақстан Республикасы
заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлеуге қатысу; Министрліктің алқа мәжілістеріне,
кеңестерге қатысу; іс қағаздарын жүргізу бөлімінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің регламентіне және іс жүргізу бойынша қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ
мемлекеттік құпияларды сақтау; саудаэкономикалық, ғылыми-техникалық, мәденигуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындау және Министрлік жауапты органы болып айқындалған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі
үкіметаралық комиссиялардың отырыстарын өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру; Қазақстан Республикасының шет елдермен, ауыл шаруашылығы саласындағы ірі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын
нығайту жөніндегі жұмысты үйлестіру; Қазақстан Республикасы мүшесі болып
табылатын халықаралық ауыл шаруашылығы ұйымдарымен (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Халықаралық ауыл шаруашылығын
дамыту қоры (ХАШДҚ), Дүниежүзілік азықтүлік бағдарламасы (ДАБ), Ислам
Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) және т. б.) ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру; шет елдермен ауыл
шаруашылығы саласында халықаралық шарттар жасасу бойынша жұмыстарды үйлестіру; Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің,
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының,
Еуразиялық экономикалық комиссияның консультациялық комитеттері мен жұмыс топтарының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі
үкіметаралық кеңестің отырыстарына материалдар дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ осы кездесулерді Қазақстан
Республикасының аумағында өткізу; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне және Қазақстан
Республикасының басқа да министрліктеріне жоғары деңгейдегі шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) және олардың кіші комиссиялары шеңберінде келіссөздер барысында қол жеткізілген, күшіне енген халықаралық
келісімдер мен уағдаластықтардың іске асырылуы жөніндегі тоқсандық және
жартыжылдық есептік ақпаратты дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру; халықаралық экономикалық форумдарды ұйымдастыруға
қатысу бойынша жұмыстарды үйлестіру; ИИДМБ шеңберінде Қазақстанды индустриаландыру картасына кіретін жобаларға салалық қорытындылар берілуін үйлестіру; отандық және шетелдік инвестициялар тарту бойынша
жұмыс жүргізуді үйлестіру; инвестиициялық бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру; инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді, «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды сүйемелдеуді үйлестіру; шетелдік инвесторлармен инвестициялық жобалардың дерекқорындағы ақпараттың жаңартылуын
үйлестіру; www.invest.gov.kz ұлттық инвестициялық интернет-ресурсының
бөлімдерін жаңарту үшін ақпарат беруді үйлестіру; ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес инвестициялық климатты жақсарту бойынша заңнаманы өзгертуді үйлестіру; Департамент және Министрлік басшылығының өзге де
тапсырмаларын құзыреті шегінде орындау. Визалық қолдау мәселелері бойынша жұмысқа қатысу; Министрлік басшылығының шет елдерге шығуын ұйымдастыру бойынша жұмысқа қатысу (іссапарға жіберу туралы
бұйрықтарды дайындау, қызметтік, дипломаттық паспорттар мен шығу құжаттарын ресімдеу, қонақ үйде тұруға шетел валютасында қаражат алу, Министрлік басшылығы үшін іссапарға тәуліктік және көліктік шығыстар
және оларды Қазақстан Республикасында пайдалану туралы есепті ұсыну); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі); Министрлік басшылығының дипломатиялық корпус өкілдерімен, ресми шетелдік
делегациялармен, шетелдік жеке және заңды тұлғалармен хаттамалық іс-шаралар мен іскерлік кездесулер өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; құзыреті шегінде басқарма, департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8(7172) 555-870