Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, индексі №01-11, С-О-5 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236388

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Геодезия және картография
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Геодезия

Функционалды міндеттер

Жердің пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру:

- кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға немесе Мемлекеттік корпорацияға жiберуге;

- Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;

- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындау үшін міндетті нұсқамалар беруге;

- Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылар шығаруға;

- Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар беруге;

-  Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген залалды өтеу, мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою, жер учаскелерін беруге, нысаналы мақсатын өзгертуге, алып қоюға, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда оларды орындау және жеке тұлғалардан, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындауға және беруге;

Жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.

Жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштерін (арыздарын, шағымдарын, хабарламаларын) қарау.

Жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, соттармен және басқа да мүдделі ведомостволармен жер қатынастары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

Қазақстан Республикасының Жер заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және  тоқтатуға нұсқама жіберу.

Бөлімге жүктелген міндеттер мен міндеттердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету. Сот органдарында департаменттің мүдделерін білдіру, сондай-ақ ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында белгіленген басқа да міндеттерді орындау.

Бөлім жұмысын ұйымдастыру, бөлімге жүктелген міндеттер мен міндеттерді тиісінше орындауды қамтамасыз ету. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру.  Ақмола облысының аумағында жер заңнамасы нормаларының сақталуын бақылау. Мемлекеттік бақылау бойынша:

- мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингінің дұрыс жүргізілуіне;

- жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпаратты уақтылы орналастырумен;

- жергілікті атқарушы органдардың Сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізуіне;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;

- жер учаскелерін өз бетінше иеленуге жол бермеу;

- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтаумен. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуімен;

- азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;

- межелік белгілердің сақталуына;

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына;

- жерге орналастыру жобаларын және жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі басқа да жобаларды жүзеге асыру.

А блогы грейд-5

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.08.2023 – 07.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

12.09.2023

Сұхбаттасу орны

Кокшетау қаласы, Абай көшесі 89, кабинет 225

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)25-75-42,