Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Абай облысы бойынша аумақтық Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (есепші), санаты С-О-5, 1 бірлік, №18-1.3-2.
Абай облысы
206734
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының бюджеттік, мемлекеттік сатып алу заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Блок В-4
Бухгалтерлік есеп және қаржыландыру мәселелері бойынша қызметті жүзеге асырады; банк құжаттарының жүйеленуін жүзеге асырады; облыстың ҚР АШМ АӨК МИК орталық аппарат пен аудандық және қалалық аумақтық инспекциялар бойынша балансты құрастыру; шығындалған бюджеттік қаражаттарға, улы химикаттар мен пестицидтердің қозғалысына есеп және бақылау жүргізеді; дебиторлар мен кредиторлармен есептердің есебін жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алулардың жылдық есебін әзірлеу; мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; ҚР АШМ АӨК МИК облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың қызметкерлерінің жалақысын есептеу және аудару; қаржыландыру жоспарын орындау процессінде туындайтын есептердің уақытылы жүргізілуіне бақылау жасайды; сенім хат пен есептердің есепке алынуын ұйымдастырады; түгендеудің нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтауды, есепте көрсетілуін жүзеге асырады; статистикалық есептерді, есептерді әзірлеу және ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне және басқа да мемлекеттік органдарға тапсыру; бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының нормаларын қолданбау арқылы тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардың жеткізушілерімен келісім шарттарды әзірлеу; мемлекеттік сатып алулардың жоспарының әзірленуіне қатысады; бөлімнің іс – қағаздарын жүргізеді; ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінде келісім шарттарды тіркеуге өтінімдерді құрастырады. Іс – қағаздар номенклатурасын, бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлейді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Бөлім басшылығымен анықталған басқа да құзіреттерді заңнамаға сәйкес жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
simonenko.anna@minagri.gov.kz
- Семей қаласы, Павлодарская көшесі, 106
-
+77172555885