Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі), С-О-5 санаты, 1 бірлік, №18-15.3-5.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы
206734
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок В) ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясының және бөлімнің іс-қағаздарын ұйымдастырады және жүргізеді. Облыстық инспекцияның аппаратына электронды пошта, БЭҚЖ арқылы, қолма-қол келген хат-хабарларды тіркейді, қабылдайды. Кіріс хат-хабарларды есепке алуды жүргізеді; инспекция басшысы қарағаннан және қол қойғаннан кейін құжаттаманы облыстық аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшелеріне жеткізеді. Облыстық аумақтық инспекцияға келіп түскен (бақылауда тұрған) шұғыл құжаттаманы инспекция бөлімдерінің уақытылы орындауын бақылайды. Шығыс хат-хабарды тиісті түрде рәсімдейді, орындалған құжаттарды адресаттарға жолдайды, орындалған құжаттарды бақылаудан алып тастайды. Әскери комиссариат үшін Қостанай қ. бойынша әскери міндетті қабылданған/босатылған қызметкерлерді есепке алуды жүзеге асырады. Инспекция аппаратында іс мұрағатының жағдайын ұйымдастырады және оған жауапты. Іс-қағаздардың аяқталған құжаттарын қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және пайдалануды, істерді мемлекеттік мұрағатқа сақтауға дайындауды жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына орындаушылық тәртіптің жағдайы туралы ақпаратты жеткізеді; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Қатаң есепке алу бланкілерінің есебін жүргізеді. Облыстық аумақтық инспекцияның қабылдау бөлмесінде кезекшілікті ұйымдастырады. Арнайы байланыс арқылы жіберу үшін құжаттарды ресімдейді. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kaiyrbayeva.u@minagri.gov.kz
- 05.09.2023
- 150000, город Петропавловск, улица Парковая, 57В
-
87172 555-885