Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспектор, C-O-5 санаты, №7.2-2 (1 бірлік)
Жамбыл облысы Жер ресурстарын басқару департаменті
Жамбыл облысы
270012
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Жер есебінің мониторингін жүргізу, пайдаланбаған жер учаскелерін анықтау жұмыстарының нақтылығына талдау жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да санаттағы жерлерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізу.
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне, азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына, жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына, жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына, жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуына бақылау жүргізеді.
Салынған айыппұлдар бойынша белгіленген нысандағы есептер мен мәліметті дайындайды, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдарды қарайды, төлемеген айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру мақсатында қажетті құжаттарды сот органдарына жолдайды, материалдар негізінде талап-арыздарды дайындайды, сондай-ақ сол негізде сотқа қатысады, ҚР жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолданады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.08.2023
- Тараз қаласы, 2-ші Қазыбек би бұрылысы, 26 үй,
-
87262452807, 87712437335