Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті техникалық жарақтандыру басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

259515

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік шаруашылығы

Функционалды міндеттер

АӨК техникалық қамтамасыз етуді дамытуда мониторинг және ахуалды талдау мен перспективасы; АӨК техникалық іске асыру мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу; АӨК техникалық іске асыру саласында стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және басқада бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуге қатысу; АӨК техникалық жүзеге асыру жағдайын құруға қатысу; АӨК техникалық жүзеге асыру саласында бюджеттік өтінім мен бюджеттік бағдарламаны әзірлеуге қатысу; АӨК техникалық жүзеге асыру саласында нормативтік құқықтық актілер (оның ішінде заңнамалық, заңға тәуелділік және басқада актілер) мен халықаралық құжаттарды әзірлеу және келісуіне қатысу; Еуразиялық экономикалық одақ аясында АӨК техникалық жүзеге асыру саласында техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысу; АӨК техникалық жүзеге асыру саласында құқықтық мониторинг өткізу; ауылшаруашылық өнімдерді өндірушілерге жеткізу үшін қажеттілікте мұнай өнімдер көлемін анықтау және әзірлеуге қатысу; ауылшаруашылық өнімдерді өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде талдау өткізу; Егін жинауда ауылшаруашылық техникаларының дайындығына сонымен қатар машина-технологиялық станция қызметіне мониторинг өткізу; Техникалық инспекция мәселесі бойынша нормативтік құқықтық-нормативтік актілерді әзірлеу және жетілдіруге қатысу; Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жаппай ақпарат құралдары үшін құжаттар әзірлеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2023 – 17.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-945; 8(7172) 555-969