Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Заң қызметі департаменті құқықтық сараптама басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің демалысы мерзіміне 2024 жылғы 31 шiлдеге дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) Министрліктің нормативтік құқықтық бұйрықтарының  жобаларына сараптама жүргізу;

2) Министрлік қызметінде туындаған құқықтық мәселелер, нормативтік құқықтық бұйрықтар бойынша қорытындылар дайындауға қатысу;

3) Министрліктің миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету;

4) агроөнеркәсіп кешен саласындағы нормативтік құқықтық бұйрықтарға мониторинг жүргізуді үйлестіру;

5) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарда (сондай-ақ сот және құқыққорқау) және басқа да ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіру;

6) комиссия және жұмыс топтарына қатысу;

7) Министрліктің негізгі қызметіне қатысты сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

8) Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқыту;

9) жұмыс берушінің актілеріне сараптама жүргізу;

10) Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2023 – 11.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВМВ

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-945; 8(7172) 555-969