Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облысы аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (кеңсе), (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 19.10.2025 ж. дейін), санаты С-О-5, 1 бірлік, №18-16.3-5

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

178679

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инспекциясының және бөлімнің іс-қағаздарын ұйымдастырады және жүргізеді. Облыстық инспекцияның аппаратына электронды пошта, БЭҚЖ арқылы, қолма-қол келген хат-хабарларды тіркейді, қабылдайды. Кіріс хат-хабарларды есепке алуды жүргізеді; инспекция басшысы қарағаннан және қол қойғаннан кейін құжаттаманы облыстық аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшелеріне жеткізеді. Облыстық аумақтық инспекцияға келіп түскен (бақылауда тұрған) шұғыл құжаттаманы инспекция бөлімдерінің уақытылы орындауын бақылайды. Шығыс хат-хабарды тиісті түрде рәсімдейді,  орындалған құжаттарды адресаттарға жолдайды, орындалған құжаттарды бақылаудан алып тастайды. Облыстық аумақтық инспекцияға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау және мерзімнен кешіктірмей жауап беруін бақылайды. Статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыруды жүргізеді. Инспекция аппаратында іс мұрағатының жағдайын ұйымдастырады және оған жауапты. Іс-қағаздардың аяқталған құжаттарын қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және пайдалануды,  істерді мемлекеттік мұрағатқа сақтауға дайындауды жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына орындаушылық тәртіптің жағдайы туралы ақпаратты жеткізеді; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Қатаң есепке алу бланкілерінің есебін жүргізеді. Облыстық аумақтық инспекцияның қабылдау бөлмесінде кезекшілікті ұйымдастырады. Арнайы байланыс арқылы жіберу үшін құжаттарды ресімдейді. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.08.2023 – 08.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мб

Сұхбаттасу орны

orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885