Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті микрокредиттің берілуін мониторингтеу басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

259515

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит

Функционалды міндеттер

Агроөнеркәсіп саласындағы стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды, заң жобаларды, бағдарламаларды және өзге де бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеуге және келісуге, агроөнеркәсіптік кешен саласында жаңа қаржы құралдарын құру және қолданыстағыларын жетілдіру мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлеуге қатысу; кредиттік серіктестіктер жүйесін жетілдіруді дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіруге қатысу; шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредиттер және микрокредиттер беру, микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде беретін микрокредиттерді кепілдендіру, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау бойынша жұмыстарды мониторингтеуге және үйлестіруге қатысу; Басқарма құзыретінің шегінде іске асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіруге қатысу; кәсіпкерлікті дамыту үшін кредит/микрокредит беруді кеңейтуге бағытталған жаңа қаржы құралдарын құру және қолданыстағыларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу; Басқарма, Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын құзыреті шегінде орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2023 – 17.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-945; 555-969