Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Шығыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспектор, С-О-4 санаты, индексі ОМЗАИУ-1

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

298134

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Геодезия және картография
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қабылданған шешімдерінің заңдылығы, олардың жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруы, олардың сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізуіне; - азаматтардың  жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қарау кезінде белгіленген мерзімдерінің сақталуын;- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының қабылдаған шешімдерінің заңдылығы; Бөлімнің және Департаменттің қызметі туралы ақпаратты талдау, жалпылау, нәтижелерді басшылыққа ұсыну. Департамент басшысы мен оның орынбасарының баяндамалары мен сөздеріне материалдар дайындау. Облыстың жер қорының, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы және пайдаланылуы туралы ақпаратты жинау және талдау. Бөлім қызметіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да органдардың сұрауларына жауаптар, есептер дайындау. Облыс әкімінің, Департамент басшысының және оның орынбасарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысқа қатысу. Департамент қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жұмысына қатысу.

 

Блок А

 

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.08.2023 – 11.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

16.08.2023

Сұхбаттасу орны

ВКО, г. Усть-Каменогорск, пр. Шакарима 152

Анықтама алу үшін байланыс

87751392877