Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (№ 19-5-04)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
237596
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша Комитеттің құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындау, Комитет әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ оларды басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген жағдайда келісу арқылы дайындауға қатысу. Комитетке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу. Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда (ұйымдарда) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуге көмек көрсетуді және келісуді қамтамасыз ету. Комитетте, Министрлікте, Парламентте, Үкіметте, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құрылатын комиссиялардың, кеңестер мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда (кәсіпорындарда) Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету. Заңнаманы насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру; Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау. Комитеттің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету. Комитет басшылығы жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы -10, 14 кіреберіс
-
8 (7172)74-08-83