Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік, № 18-8-1.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

305720

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Функционалды міндеттер

(блок В-8) Комитеттің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау; Комитет дайындайтын құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі мәніне құқықтық сараптама жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру; барлық сот сатыларында комитеттің талап-арыз жұмысын ұйымдастыру және жүргізу; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен даулар бойынша талап-арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; тиісті құрылымдық бөлімшелерді жазбаша хабардар еткен жағдайда шарттық міндеттемелерді орындамайтын өнім берушілерге қатысты шаралар қабылдау; жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің және Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, алқа қаулыларының уақтылы орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; істердің үлгілік номенклатурасын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмысын ұйымдастыру; директивалық құжаттардың орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; азаматтарды қабылдау кестесін және азаматтарды қабылдау жөніндегі есептерді жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.; заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шараларды қабылдау бойынша заңдылықты қамтамасыз ету; Комитет жасасатын шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етуге қатысу; Директивті құжаттарды, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басшылықтың тапсырмаларын орындау; Комитетте тұрақты негізде нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді және құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде реттелетін саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді үйлестіру; Комитеттің аумақтық инспекцияларына, ведомстволық бағынысты ұйымдарына заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру, Комитеттің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультация беру; мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарауға қатысу; Комитет басшылығына басқарма жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.08.2023 – 10.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 3 кіреберіс, мекен жайы бойынша өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172-555-885