Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспектор, С-О-5 санаты

Мемлекеттік орган

Түркістан облысы Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 200000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Геодезия және картография
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр

Қосымша талаптар

(құқықтану, құқық қорғау қызметі, геодезия және картография, кадастр, агрономия, жерге орналастыру, мелиорация, рекультивация және жерді қорғау) нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мамандықтар

Функционалды міндеттер

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бойынша жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актілер) жасау және жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығару; Департамент мүддесін жер заңнамаларына қатысты мәселелерді қарау кезінде сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау; жер телімдерінің иелері мен пайдаланушылардың жер заңнамаларын сақтауына, олардың нысаналы мақсатының сәйкестігіне, жер телімдерін өз бетінше иеленуге жол бермеуге, уақытша берілген жер телімдерінің уақытында қайтарылуына, жер заңнамаларын бұзуды жоюға бақылау жасап, тексеру жүргізу.

 

B блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.08.2023 – 10.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

14.08.2023

Сұхбаттасу орны

Туркестан қ., Жаңа Қала м/а, 32 көшесі, Департаменттер үйі, В корпусы, 3 қабат, каб 3128

Анықтама алу үшін байланыс

87053678845, 87002772726