Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ішкі аудит департаменті ішкі аудит басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
399260
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы талап етіледі.
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарманың функциялары мен міндеттерін орындаумен байланысты құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыру; тәуекел дәрежесін қолдануды ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін әзірлеуге қатысу; Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес-процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты мекемелерінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалау; Басқарма қызметкерлерінің аудит іс-шараларын сапалы орындауын және жүргізілген аудит іс-шараларының нәтижелері туралы Департамент басшылығын уақтылы хабардар етуін бақылау; мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімделігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларын сақтауын тексеруді жүзеге асыру; есеп және есептілік жүргізудің шынайылығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру; бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына аудит жүргізу; аудиторлық есеп жасау; аудит объектісінде анықталған нақты мерзімге арналған бұзушылықтардың нәтижелері, бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен шарттар және жұмыстағы кемшіліктер, сондай-ақ, оларды жою жөніндегі ұсыныстар туралы ақпаратты қамтитын ішкі аудит нәтижелері туралы есепті жасауға қатысу; мемлекеттік орган қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар жасауға қатысу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, ұйымдардың ұсыныстарын және азаматтардың өтініштерін қарау (функционалдық міндеттер бөлігінде); аудит іс-шараларын жүргізу мәселелері бойынша түсіндірмелер мен консультациялар беру; ішкі аудит қызметін жетілдіру және оның қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу; Департамент құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zhunusova.a@minagri.gov.kz
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8(7172) 555-969