Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сыртқы бақылау мен қадағалау басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік, № 18-4-2.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
273155
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Экология
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
Функционалды міндеттер
(блок А-6) Карантиндік объектілердің ошақтарын тексеру, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау, өсімдіктер карантині жөніндегі ақпаратты талдау; карантинге жатқызылған өнімнің импорты, экспорты, транзиті және мемлекетаралық орнын ауыстыру жөніндегі іс-шараларды бақылау; реттелетін салада нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; кеден, шекара, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс - қимылды қамтамасыз ету; санитарлық және фитосанитарлық шараларды (ҚМС) қолдану жөніндегі ДСҰ-ның халықаралық стандарттарын, нормалары мен келісімдерін ескере отырып, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету; өсімдіктер карантині саласындағы облыстық аумақтық инспекциялардың жұмыстарына жетекшілік ету; құжаттардың, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттарының, сондай-ақ Комитет басшылығының жазбаша және ауызша тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kenzhebaeva.d@minagri.gov.kz
- г. Астана, пр. Мәңгілік ел, 8 дом, 3 подъезд
-
87172-555-885