Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы, С-3 санаты, (№ 19-9-01)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
427817
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысына басшылықты жүзеге асыру және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. Басқарманың штаттық кестесі бойынша, кадрларды іріктеу және орналастыру бойынша, басқарма қызметкерлерін көтермелеу туралы, Мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңнаманы бұзуға жол берген басқарма қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды дайындау және Комитет төрағасының қарауына ұсыну. Басқарма қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөлу және олардың функционалдық міндеттеріне байланысты тапсырмаларды орындауын бақылау. Басқарманың жұмысына басшылық ету және оның Комитеттің және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылы. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Басқарманың құзыреті шегінде заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық актілерді әзірлеуге, нормативтік базаны жетілдіруге қатысу. Комитеттің локальдық желісінің, серверлік жабдығының, компьютерлік және ұйымдастыру техникасының, электрондық үкіметінің, веб-сайтының, ВЕБ-порталының және басқа да ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Басқармаға жүктелген міндеттер мен міндеттердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету. Басшылық айқындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
myrzalina.zh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы -10, 14 кіреберіс
-
8 (7172)74-08-83