Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы,санаты С-3, 1 бірлік, № 18-9-1.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
305720
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Функционалды міндеттер
(блок В-8)
Басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау; республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруды ұйымдастыру; қаржы ресурстарының қозғалысын басқаруды және қаржылық қатынастарды реттеуді ұйымдастыру; қаржы қаражатының қозғалысын есепке алуды бақылауды жүргізу; реттелетін салада бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; қаржыландыру мәселелері бойынша қызметке басшылық ету және ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, Комитеттің, облыстық аумақтық инспекциялардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджеттік өтінімін жасау;; бюджеттік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету; тиісті қаржы жылына арналған шығыстардың экономикалық сыныптамасы және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлінісінде республикалық бюджеттің шығыстар жоспарын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комитеттің жоғары тұрған басшыларының директивтік құжаттарының, тапсырмаларының орындалуын бақылау; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kenzhebaeva.d@minagri.gov.kz
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 3 кіреберіс, мекен жайы бойынша өткізіледі.
-
8-71-72-555-885