Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 29. 09. 2025 ж. дейін) санаты С-4, 1 бірлік, № 18-10-3.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
237596
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының бюджеттік, мемлекеттік сатып алу заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Функционалды міндеттер
(блок В-5)
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру: Комитеттің бюджеттік бағдарламасы (кіші бағдарламалары) бойынша әрбір электрондық конкурсқа бұйрық жобасын дайындау және орындалуын қамтамасыз ету, конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысу, Министрліктің веб-порталында және интернет ресурстарында жариялау, әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын қарау; Мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар жасасу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу; тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу актілеріне бұрыштама қоюды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу және бюджетті атқару саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kenzhebaeva.d@minagri.gov.kz
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 3 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.
-
87172-555-885