ҚР АШМ ЖРБҚ Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаментінің жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы
Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаменті
Алматы қаласы
100000 - 200000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Жерге орналастыру
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Жоғарғы органдар тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақытылы шаралар қолдану; Жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындау; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын тексеру; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын тексеру; Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын қадағалау; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруын бақылау; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақытылы өткізуін тексеру; Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауын бақылау; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға жердің бар-жоғы, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақытылы ұсынуын бақылау; Жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануын, орналастырылуын және салынуын тексеру; Жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, сортаңдануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғап кетуді, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; Межелік белгілердің сақталуын бақылау; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына тексеріс жүргізу; Бүлінген жерлердің рекультивациялау; Жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сақталуын қамтамасыз ету; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Тексерістi Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде жүргiзу; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеу үшін Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және оны тоқтату туралы хабарлама жіберу; Тексеріс жүргiзу кезеңiнде тексерілетін субъектілердің белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеу; Тексеріс жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беру;Тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiге тексерудiң мәнiне қатысты қажеттi ақпарат беру; Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің талаптарына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату үшін құжаттарды тиісті органдарға заңмен белгіленген мерзімде жолдау және бақылау.
Штаттық кестесіне сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына (грейд 5) жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
upr.zemkontrol.almaty@mail.ru
- Алматы қ., Абай д-лы, 115
-
+7777 033 1837
+ 7 775 318 70 76
8727 277 69 59