Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, санаты С-О-4, 1 бірлік, № 18-14.3-1

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

237596

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді  және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттер: (блок В-5) Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық ету; бухгалтерлік есеп және қаржыландыру мәселелері бойынша қызметті жүзеге асырады; ҚР АШМ АӨК МИК облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың қызметкерлерінің жалақысын есептеу және аудару;  мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы төлеуді қолдану тәртібін өндеу; статистикалық есептерді, есептерді әзірлеу және ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне және басқа да мемлекеттік органдарға тапсыру; бюджеттік өтінімдерді, қаржыландыру жоспарын мен штаттық кестесін әзірлеу; банк құжаттардың рәсімделуіне, есебіне және өңделуіне бақылау жасайды; қаржыландыру жоспарын орындау процессінде туындайтын есептердің уақытылы жүргізілуіне бақылау жасайды; сенімхат пен есептердің есепке алынуын ұйымдастырады; түгендеудің нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтауды, есепте көрсетілуін жүзеге асырады; семинар – кеңестерді ұйымдастырады және өткізеді; бөлімнің жұмыс жасау жоспарын әзірлеу; инспекция активтерін есептен шығару бойынша қызметті жүзеге асырады; азаматтардың шағымдары мен арыздарын қарастыру; еңбекақы мәселесі бойынша азаматтарға кеңес беру.  Комиссиялардың тәртіптік жауапкершілікке тарту, қаржылай көмек көрсету, еңбек өтілін  орнату және басқа да комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру. Облыстық аумақтық инспекцияның бұйрықтарын тіркеу, кіріс және шығыс құжаттарының жүргізілуін және есебін бақылау. Инспекцияның жұмыс жасауы үшін қажетті ұйымдастыру-құқықтық құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Ұжымды басқару жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету. Бөлім басшылығымен анықталған басқа да құзіреттерді заңнамаға сәйкес жүзеге асыру. Бөлім мамандарының еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдану. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау.          

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.07.2023 – 25.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мб

Сұхбаттасу орны

Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885