ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 29 маусымға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар, 04-04)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Қарағанды облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
- Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстарды орындайды (негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіру, сату шығындарын, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен есеп айырысу);
- Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау мен бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды;
- Бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетеді;
- Салық және басқа да міндеттемелер туралы заңнамаға сәйкес салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдары мен төлемдерді, күрделі салымдарды, қызметкерлердің жалақысын қаржыландыруға арналған қаражатты есептеуді және аударуды жүргізеді;
-Ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге, ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;
- Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындайды;
- Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды;
- Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды.
В блогы, 04-04.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945