ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің жетекші маманы, C-O-6 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Қосымша талаптар
ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, ветеринарлық фельдшер, ветеринария
Функционалды міндеттер
- Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
- Шекара бекеттеріндегі жұмыстарды ұйымдастырады:
- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан:
ветеринариялық бақылау бекеттерінде;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
- орнын ауыстыратын (тасымалданатын) объектілерді әкелу, әкету және транзиті кезінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасының маңындағы аумақтағы автомобиль қатынасы шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды іске асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істерді қарастырады;
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zhunusbayeva.m@minagri.gov.kz
- 26.07.2023
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945