Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры, C-1 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2024 жылғы 30 маусымға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

875554

Жалпы біліктілік талаптары

С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда;

4) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Халықаралық құқық
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Департаменттің қызметін жалпы үйлестіру және жұмысын ұйымдастыру; Департаменттің құрылымы бойынша, департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, тәртіптік жаза қолдану бойынша ұсыныстар енгізу; Департамент қызметкерлерінің міндеттерін бөлу; нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік және әдістемелік құжаттардың жобаларын келісуге қатысу,

Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Министрдің бұйрықтарының, халықаралық актілердің, Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілері мен техникалық регламенттерінің жобаларын әзірлеуге және қабылдауға қатысу; Департаментте Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің регламенттеріне және іс жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес іс жүргізуді, сондай-ақ мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету.; мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыруға және іске асыруға, агроөнеркәсіптік сектордағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру; Департамент құзыреті шегінде іске асырылатын бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіруді ұйымдастыру; аграрлық азық-түлік нарықтарын дамыту; аграрлық азық-түлік нарығын және оның инфрақұрылымын реттеу және дамыту, аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу саласында мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясатты әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; органикалық өнім өндіру және техникалық реттеу мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен, жақын және алыс шетелдермен ынтымақтастық; органикалық өнімдер мен Техникалық реттеу саласындағы Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық заңнамасы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі отырыстар мен кеңестерге қатысу; ауыл шаруашылығы өнімін өңдеудің және тамақ өнеркәсібінің жай-күйі мен дамуына мониторинг жүргізу; ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және тамақ өнеркәсібін дамыту болжамын жүзеге асыру; озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу саласын және тамақ өнеркәсібін мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды жетілдіруге қатысу; Департамент құзыреті шегінде Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.07.2023 – 17.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-945