Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ішкі аудит департаменті ішкі аудит басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

399260

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарманың функциялары мен міндеттерін орындаумен байланысты құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыру; тәуекел дәрежесін қолдануды ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін әзірлеуге қатысу; Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес-процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты мекемелерінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалау; Басқарма қызметкерлерінің аудит  іс-шараларын сапалы орындауын және жүргізілген аудит іс-шараларының нәтижелері туралы Департамент  басшылығын уақтылы хабардар етуін бақылау; мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімделігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларын сақтауын тексеруді жүзеге асыру; есеп және есептілік жүргізудің шынайылығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру; бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына аудит жүргізу; аудиторлық есеп жасау; аудит объектісінде анықталған нақты мерзімге арналған бұзушылықтардың нәтижелері, бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен шарттар және жұмыстағы кемшіліктер, сондай-ақ, оларды жою жөніндегі ұсыныстар туралы ақпаратты қамтитын ішкі аудит нәтижелері туралы есепті жасауға қатысу; мемлекеттік орган қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар жасауға қатысу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, ұйымдардың ұсыныстарын және азаматтардың өтініштерін қарау (функционалдық міндеттер бөлігінде); аудит іс-шараларын жүргізу мәселелері бойынша түсіндірмелер мен консультациялар беру; ішкі аудит қызметін жетілдіру және оның қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу; Департамент құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.07.2023 – 17.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-945