Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық қамтамасыз ету департаменті бюджет жиынтығын әзірлеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

259515

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік өтінім жиынтығын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бюджеттік бағдарламасын әзірлеу және бекітуге қатысу; нормативтік құқықтық актілердің бюджет заңнамасының нормаларына сәйкестігін қарастыру; құзыреті шегінде  мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; құрылымдық бөлімшелердің (ведомстволар) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімге және үш жылдық кезеңге арналған лимиттерге ұсыныстарына мониторинг ұйымдастыру және жүргізу; Департаменттердің (Комитеттердің) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімге және үш жылдық кезеңге арналған лимиттерге ұсыныстарының Стратегиялық жоспардың бағыттарына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне талдау жасау; бағдарламалардың өткен жылда іске асырылуын бағалау; жаңа іс-шаралардың және олардың негіздемесінің болуы; өткен жылмен салыстырғанда жоспарланған жылда шығыстардың ұлғаюының негізділігі; ұсынылған құжаттарда ескертулер болған жағдайда, оларды белгіленген талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету; Ведомстволық бюджеттік комиссияның отырысын өткізуге материалдар дайындау; Парламентте тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қарау жөніндегі отырыстарға материалдарды дайындау; Бюджеттік заңнамаға және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламаларының қаржыландыру жоспарларын, ведомстволық бағынысты мекемелердің жылдық сомасын айлар бойынша бөлу бөлігінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру; тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетті іске асыру шеңберінде дайындалатын нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.07.2023 – 17.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-945