Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Персоналмен жұмыс басқармасының бас сарапшылары, санаты С-4, 2 бірлік, № 18-6-2; № 18-6-4.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

237596

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок В-5) 

Комитеттің кадр саясаты мен кадр стратегиясын әзірлеуге қатысу; Комитеттің және аумақтық инспекциялардың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, тағылымдамадан өту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; "Е-Қызмет" ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс жүргізуді енгізу; тәртіптік комиссия отырыстарында қарау үшін материалдар дайындау; мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу; Комитеттің және аумақтық инспекциялардың лауазымдарына лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу;; сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету; id-карталарды ресімдеу және беру; әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың функционалдық блоктарға бөлінуін әзірлеу және бекіту; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін әзірлеу жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру; Комитет және Аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру; ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.07.2023 – 10.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 3 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885