Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өсімдіктер карантині және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік, № 18-2-2.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

273153

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-6) 

Карантиндік объектілердің ошақтарын зерттеп-қарау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау, пестицидтерді, оларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға конкурстар өткізуге материалдар дайындау, сондай-ақ пестицидтерді жеткізу, пестицидтерді сақтау және тасымалдау, химиялық өңдеулерді жүргізу жөніндегі шарттардың уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру, өсімдіктер карантині жөніндегі ақпаратты талдау; карантинге жатқызылған өнімнің республикаішілік өткізілуіне бақылау; өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; кеден, шекара, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен мәселелер бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; санитариялық және фитосанитариялық шараларды (ФШХС) қолдану жөніндегі ДСҰ-ның халықаралық стандарттарын, нормалары мен келісімдерін ескере отырып, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету; өсімдіктер карантині саласындағы облыстық аумақтық инспекциялардың жұмыстарына жетекшілік ету; өсімдіктер карантині мәселелері жөніндегі кеңестерге қатысу; Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, құзыретіне кіретін бақылау хаттарын, сондай-ақ Комитет басшылығының жазбаша және ауызша тапсырмаларын орындау; Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша кеңестерге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.07.2023 – 10.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 3 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885