Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Персоналмен жұмыс басқармасының басшысы,санаты С-3, 1 бірлік, № 18-6-1.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
305720
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок В-8)
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасайды; ұжымда болып жатқан негізгі әлеуметтік процестер туралы ақпарат жинау жүйесін қалыптастырады, ұжымда әлеуметтік-психологиялық ахуалды бақылайды, қызметкерлердің іскерлік, функционалдық, моральдық-психологиялық қасиеттеріне талдау жүргізеді; аттестаттау комиссиясының, Тәртіптік комиссияның, сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады; аумақтық бөлімшелердің бірінші басшыларын ротациялау бойынша жұмыстарды; Комитеттің мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне уақтылы бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; жеке істердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады; еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету; Комитеттің кадр саясаты мен кадр стратегиясын әзірлеуге қатысу; ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kenzhebaeva.d@minagri.gov.kz
- Собеседование с кандидатами, участвующими во внутреннем конкурсе, будет проведено по адресу город Астана, пр. Мәңгілік ел, 8 дом, 3 подъезд. (Дом министерств).
-
87172-555-885