Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік, № 19-8-07
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
237596
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- Топырақтану және агрохимия
- Кадастр
Функционалды міндеттер
Тапсырмаларды лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік пен Комитет туралы, Басқарма туралы ережеге, Министрлік регламентіне сәйкес орындау. Кіріс және шығыс хат-хабарлау бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, Басқармаға жүктелген міндеттер мен міндеттердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету, Басқарманың құзыреті шеңберінде Үкімет қаулыларының жобаларын дайындауды қамтамасыз ету, жер заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды әзірлеу және қабылдау жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету, жер заңнамасын қолдану практикасын қорыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жер қатынастары мәселелері бойынша жер қатынастары жөніндегі жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және құзыреті шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру, құпиялылық режимін қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді орындау, ақпараттық қауіпсіздікті және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз ету, Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы -10, 14 кіреберіс
-
8 (7172)74-08-83