Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті, Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман - мемлекеттік инспекторы, C-O-5 санаты, 2 бірлік (№ОФО-3, №ОФО-4)
Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті
Шымкент қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Жерге орналастыру
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Жердің құқықтық қатынастары бойынша құқықтық мәселелерді шешу;Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын және орындауға келіп түскен қызметтік хаттарды қарау, өз уақытында орындау; Шаруашылық субъектілеріне тексеру тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасына тексеру тағайындау актілерін тіркеу; Жер заңнамаларын бұзушылықты жою шараларын қабылдау, өз бетімен иеленген жер телімдерін мәжбүрлі түрде босату жөнінде шаралар қабылдау үшін сот органдарына материалдар дайындап, сондай-ақ сот отырыстарына қатысу; Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бойынша жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актілер) жасау және жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығару;Жер заңнамалары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселеріндегі заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; Ақпараттық-талдау жұмыстары мен мониторингінің үлгілері мен әдістерін меңгеру; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарап, өз құзыреті шегінде шара қабылдау;Жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың жер заңнамаларын сақтауына, жер заңнамаларын бұзуды жоюға бақылау жасап, тексеру жүргізу; Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;Департаменттің мүддесін жер заңнамаларына қатысты мәселелерді қарау кезінде сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау, азаматтық істерге қатысу; Басқарма қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заңдық мәселелер бойынша жұмыс жүргізу, кеңес беру, қорытынды әзірлеу.Кадр жұмыстарын жүргізу, қызметкерлердің қабылдануын, ауысуын және қызметтен босатылуын рәсімдеу;Мемлекеттік қызметке байланысты мемлекеттік органдардың шешімдерін рәсімдеу, қызметкерлер мен техникалық жұмыскерлердің жеке ісін жүргізу, қызметкерлердің еңбек кітапшаларына (қызмет тізімі) қажетті жазбаны енгізу;Тәртіптік, аттестациялық, конкурстық комиссияға және қызметкерлердің қызметтерін бағалау комиссиясына қажетті материалдарды дайындау, олардың шешімдерін рәсімдеу, қызметтерді көтермелеу мен марапаттауға ұсыну, қызметкерлердің еңбек жолдары туралы анықтама беру, қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы туралы ақпарат енгізу, қызметкерлерге демалыс беруді есепке алу, кезекті еңбек демалысының кестесін құру мен сақталуына бақылау жасау, мамандарды дамыту, іскерлік өсуін жоспарлау, кадрларды оқыту мен біліктіліктерін арттыру, сондай-ақ оқыту тиімділігін бағалау бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу, еңбек тәртібі мен департамент қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібі ережесін орындау жағдайын талдау;Талаптарға сәйкес кадр резервін құру, жаңадан қабылданған мамандарды өндірістік жұмыстарға бейімдеу жұмыстарына қатысу, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік жұмыстарды жүргізу;Қызметкерлердің жұмыстарының тиімділігін бағалауды ұйымдастыру.Белгіленген есептерді дайындау; Мемлекеттік тілде іс-жүргізуді және мемлекеттік тілдің департаменттегі негізгі іс жүргізу тілі ретінде пайдаланылуына бақылау жасау;Тиісті өкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне есептерді уақытында дайындап, тапсыру; Сыбайлас жемқорлық жасауға жол бермеу, қарсы күресуге бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасы бойынша жұмысты ұйымдастыру;Бас маман-мемлекеттік инспектор Қазақстана Республикасы нормативтік құқықтық келісімдерінің жобаларын және құқықтық мәселелер жөніндегі өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысуға;Бөлімге келіп түскен мемлекеттік органдардың, прокуратура, сот органдарының хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын уақытылы қарап және белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету және бақылау; Енгізілудегі ақпараттық-талдау жұмыстары мен мониторингінің үлгілерін мен әдістерін меңгеру және бөлім қызметкерлерімен меңгерілуін ұйымдастыру; Департаменттің қаржыландыру және жоспарлау жұмыстарын жүргізу;Департаменттің материалдық құндылықтарының есебін жүргізуді ұйымдастыру;Белгіленген есептерді дайындау; Мемлекеттік тілде іс-жүргізуді және мемлекеттік тілдің Департаменттегі негізгі іс жүргізу тілі ретінде пайдаланылуына бақылау жасау;Тиісті өкілетті органдарға және олардың аумақтық бөлімдеріне есептерді уақытында дайындап, тапсыру;Сотта, сондай-ақ басқада ұйымдарда мемлекеттік қызметтің құқықтық мәселелерін қарау барысында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіруге;Мемлекеттік жер кадастрын дұрыс жүргізілуін мемлекеттік бақылау жасау, анықталған заңбұзушылықтар бойынша жоюға бағытталған орындалуға міндетті нұқсқамалар беру, олардың орындалуын қадағалау және соның ішінде мәжбүрлеп орындату бойынша тиіті іс-шараларды қамтамасыз ету.Әдеп кодексінің талаптарын, мінез-құлқының нормаларын сақтау; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады;
Еңбек тәртібін сақтау.
Блок В-4
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_duzr_shym@mail.ru
- 14.07.2023
- Шымкент қаласы, М.Дулати көшесі №3 ғимарат
-
+ 7 707 524 31 40