Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаменті АӨК-ні цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Кадастр
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік бағдарламаларда көзделген АӨК-ні цифрландыру саласындағы іс-шараларда қатысу және іске асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындау; АӨК-ні цифрландырудың негізгі бағыттары мен басымдықтарды жетілдіруді жүзеге асыру туралы өз құзыреті шегінде шешім қабылдау; АӨК-ні цифрландыру саласындағы жобаларды жүктеу, үйлестіру және мониторинг жүргізу; АӨК-ні цифрландыру аясында жүйлерге мониторинг жүргізу және біріктіру, және де оңтайландыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу; агроөнеркәсіптік кешеннің салалық бағыттары, геодезия және картография, жер ресурстары бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру; тиімді, АӨК-ні цифрландыру аясында экологиялық,техникалық және құқықтық шешімдерді шығару; агроөнеркәсіптік кешенінің нормативтік құқықтық актілері, бағдарламалы құжаттары жобаларын, агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды, Басқарманың нормативтік және әдістемелік құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Депутаттар сауалдарын, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Департамент пен Министрлік басшылығының тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырып, жауаптар дайындау; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге тапсырмаларды орындау.

Жарияланған күні: 17.06.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.06.2020 – 22.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

    Анықтама алу үшін байланыс

    анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

    e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz