Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық қамтамасыз ету департаменті бюджет жиынтығын әзірлеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

259515

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бюджеттік бағдарламалар жобаларын Стратегиялық жоспар жобасына (немесе Стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобаларына) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, бюджеттік заңнамаларына сәйкестігін қарастыру; бюджеттік өтінімдерді Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға және Бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкестігін қарастыру; ҚР ҰЭМ және ҚР ҚМ-не енгізу үшін, Министрлік басшылығының қарауына енгізетін бюджеттік өтінім жинағын қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау бойынша қорытынды дайындау; тиісті үш жылдық кезеңге Министрліктің бюджеттік өтінімінің жиынтығын қалыптастыру, Республикалық бюджеттік комиссиясының отырысына материалдарды дайындау бойынша құрылымдық бөлімшелерге көмек беру; «Бюджетті жоспарлаудың ақпараттық жүйесі» (БЖАЖ), «Қаржыландыру жоспары» ақпараттық жүйелеріне деректердің енгізілуін қамтамасыз ету; бюджет қаражатының болуына және бюджеттік заңнама нормаларының сақталуына қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру; тиісті жылға республикалық бюджетті іске асыру ауқымында әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру; ҚР ҚМ бюджеттік өтінімді қорғауға; Қазақстан Республикасы Парламентінде үш жылдық кезеңге арналған Министрліктің бюджеттік өтінімін қорғау бойынша материалдарды дайындауға; міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру бойынша жиынтық жылдық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша мемлекеттік мекемелердің қаржыландырудың жеке жоспарларын құруға қатысу; тиісті үш жылдық кезең аралығындағы бюджеттік бағдарламаларды (жобалар) жоспарлау мәселелері бойынша Министрлік коллегиясы отырысына материалдарды дайындауға қатысу; Республикалық бюджетті нақтылау және түзету бойынша Министрліктің бюджеттік өтінім жинағын қалыптастырады; ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі талаптарды сақтау және орындау, Министрлік,  Департамент, Басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.06.2023 – 26.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВМВ

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-945